Келіссөз Брюссель биржа құн Швейцария Еуроодақ Швейцария билігі Еуроодақпен қарым-қатынас жөнінде жалпыұлттық рефрендум өткізуі мүмкін. Бұл туралы ел президенті Дорис Лойтхард мәлімдеді.
Себебі ресми Брюссель желтоқсанның 21-і күні швейцариялық биржалық құқықты 1 жылға шектеу туралы шешім қабылдады. Яғни бейтарап елдің қаржыгерлері Одақ аймағындағы компаниялардың акцияларын сатып алуға немесе сатуға құқысы шектеледі.
Швейцария Брюссельдің бұл әрекетін елдің қаржы орталығы мәртебесін әлсіретуге бағытталған шара деп бағалап, оны аяқсыз қалдырмайтынын ескертті. Алайда Берн Еуроодақ Швейцария үшін басты сауда әріптесі екенін де айтып отыр. Еуроодақ болса, мұндай шараға екі тарап арасындағы ынтымақтастық туралы келісімшарттың әрі бекітілмеуіне қатысты барып отырғанын білдірді.
Бірақ Швейцарияның коалициялық үкіметінде бұл келісімге байланысты ортақ ұстаным жоқ. Себебі елдің кей партиясы бұл шарт мемлекеттің егемендігін шектейді деп ойлайды.
Дереккөз: 24.kz