Бала кезімде Жаңа жылдан бір апта бұрын анам екеуміз жаңажылдық ойыншықтар салынған шаң басқан қораптарды шығаратынбыз. Олардың көпшілігі менің анама арғы әжемнен мұраға қалған. Бұл ақ жалтылдақтары бар түрлі бүршіктер, өте әдемі сүңгілер, қонжықтар, көжектер болатын. Кеңес заманындағы азаматтар үшін мұндай ойыншықтар сәнді болды, олардың барлығы дерлік шыныдан жасалған. Сондықтан оларды ерекше ұқыптап күтіп ұстайды. Ал қазір атыраулықтар шыршаны қалай безендіреді?
Наталья
Бала кезіміздегідей, фонарикті көп уақыттан бері жасаған жоқпын. Бір сөзбен айтқанда, олар балалық шақта қалды. Енді кез-келген талғамдағы ойыншықтарды таба аласыз. Шыршамызды отбасымен бірге безендірдік, рас күйеуім іссапарда болды (ол жаңа жылдық безендіруге қатысты балалар арасындағы дауды сөзсіз шешер еді). Дәстүр бойынша, шыршаның ұшар басы жұлдызбен безендірілуі керек, бірақ біз оны орнатпаймыз деп шешім қабылдадық
Жандос
Бұл кішкентай шырша - жұбайым екеуміздің алғашқы шыршамыз, біз қазан айында үйленген едік.
Ақмарал
Көп уақыттан бері жаңа жылдық әшекейлерді өз қолымызбен жасап жүрген жоқпыз - бәрін дайын күйде сатып аламыз. Ал әке-шешіміздің үйінде балалық шағымыздан қалған кеңес ойыншықтары сақталып қалды. Шыршамыздың түбіне адамның досы жасырынып қалды, ол 2018 жылдың символы. Ең бастысы, шыршаға ұлым Әбілмансұр (суретте) қатты қуанды.
Әсел
Шыршаны қыздарым безендірді. Ал әр кеш сайын жұмыстан кейін кемшіліктерін түзетемін. Бірақ диванға қисайсам, бүкіл бастамашылдықты өз қолдарына алады. Шыршамыз тірі және хош иісі бұрқырап тұрады.
Юлия
Жаңажылдық шыршаны жылтырақ мишураларсыз безендіруге мәжбүр болдық – мысықтар осындай «жеңсік тағамдардан» дәм татқанды ұнатады.
Ирина
Шыршаны қытайдың танымал сайтынан тапсырыс арқылы алдық, ол бізге қатты ұнаған еді. Ал ойыншықтар – Ресейден әкелінді. Ақ және алтын түсті осындай минимализм пайда болды.
Әсел
Шыршаны өзім безендірдім. Әсіресе, пешке ілінетін жаңа жылдық шұлықтарды ұнатамын. Олардың ішіне сыйлықтарды салады. Жыл сайын жаңасына тапсырыс беремін, әр алған сайын риза боламын.
Елена
Інілерімнің жүзінен үйімізде жаңа жылдық шыршаны бәрінен бұрын солардың күткенін түсінуге болады деп ойлаймын.
Дайындаған Анастасия АЛЮШИНА
Респонденттердің мұрағатынан алынған суреттер