Атырау, 26 қараша 18:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қараусыз қарағай

7 388 просмотра


Жаңа жыл мерекесіне де аз уақыт қалды. Адамдар мерекенің басты белгісі – шырша алуға асығуда. Алайда бәрі емес: көптеген үйлерде жасанды шыршалар көп жылдардан бері сақталуда.

Үнемшілдікке сүйенсек, жасанды шырша сатып алған тиімдірек.  Дегенмен, жасанды дүние табиғаттың тірі кереметіне жете ме? Ендеше, шырша мен қарағайдың қайсысы жақсы? Шырша қарағайға қарағанда үлпілдек болады, бірақ екі аптаға жетпей тез қурап қалады. Ал қарағай ұзаққа шыдайды. 

Жақсы тауарды таңдап аларда келесілерге мән берген жөн: хош иісі шығып тұруы, инелері түспеуі және қою жасыл түсті болуы.  Тірі шыршаны үйге кіргізбес бұрын қарға аунатып немесе сумен жуу керек.

«АЖ» тілшісі «жасыл тауар» сатушыларды интернеттен іздеп тауып, хабарласты:

- Шырша сатуға рұқсат жоқ. Тек қарағай ғана сатамыз. Қарағай, шыршаға қарағанда арзан әрі әдемі.

- Сатылымдағы қарағайдың қандай құжаттары бар?

- Ешқандай. Ешкім тексермейді, егер сізге қарағай мекемеге керек болса, чегіне басқа тауардың атын жазып бере аламыз. Келіп, таңдасаңыз болады.

Қаламыздағы ірі базарлардың сатушылары да қажетті құжаттарын көрсете алмады.  Біреулері басқа тауар чегін соғып береміз десе, енді біреуі келесі күні дайындап қоямын деді. Тірі қарағай бағасы 2 мың теңгеден басталып 10 мың теңгеге дейін. Өкінішке орай, қаламыздан тірі шырша таппадық.

Атырау облысы Қоғамдық Денсаулық сақтау Департаментінің бастығы м.а Ерболат УАЙСОВ:

- Табиғи шыршалар санитарлық- эпидемологиялық қадағалауға жатпайды. Ал жасанды шыршалар санитарлық талаптарға сәйкес болып, олардың декларияциялық құжаттары болуы тиіс.

 


Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

26 желтоқсан 2017, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.