Атырау, 29 қараша 05:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қытай 2050 жылға қарай сауда саласындағы алпауыт елге айналады

1 671 просмотра


Қытай 2050 жылға қарай әлемнің сауда-саттық саласындағы алпауыт еліне айналмақ, деп хабарлайды Синьхуа. ҚХР Коммерция министрлігі осы бағытта "жол картасын" әзірлеген. 

Бұл туралы елдің коммерциялық істер бойынша өткен жиында белгілі болды. Нақты деректерге қарағанда, Қытай соңғы бес жыл ішінде  ішкі тұтыну, сыртқы сауда, тартылған ішкі инвестиция көлемі бойынша әлем елдерінің алдына шыққан. Қытайдың Коммерция минстрі Чжун Шаняның айтуынша, аталған "жол картасы"  үш кезеңмен жүзеге асырылады. Атап айтқанда, 2020 жылға қарай  елді әлемнің ең ірі сауда орталығына айналдыру мәртебесі нығайтылады. 2035 жылы қуатты сауда державасының құрылыстары жүргізілсе, 2050 жылға қарай алға қойылған мақсатқа қолжеткізілетін болады.  

Дереккөз: inform.kz

26 желтоқсан 2017, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.