2018 жылы Шешенстанда Mylistory атты жаңа әлеуметтік желі іске қосылады. Бұл туралы аталған мемлекет басшысы Рамзан Кадыров айтып өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kapital.kz сайтына сілтеме жасап.
«Шешенстанда Mylistory атты жаңа әлеуметтік желінің тестілеуден өтіп жатқаны белгілі болды. Білуімше, теңіздің арғы жағындағы мемлекеттердікімен теңесе алады. Ол жаңа жылдан кейін іске қосылады», - деп жазды президент өзінің парақшасынды.
Мұнымен қатар, Рамзан Кадыров аталған желіде жеке аккаунтын тіркеп үлгергенін айтып өтті.
«Енді барлық маңызды деген сурет, видео және жаңалықтар осы қосымшаға жүктеліп отырады. Мемлекеттік департамент қызметкерлері аталған желіге Шешенстан республикасы мен РФ СІМ рұқсатымен ғана тіркеледі», - дейді президент.
Бұдан өзге Рамзан Кадыров бұдан былай Instagram желісін қолданбайтынын айтып өтті.
«Мен ашуланады деп күткен екен, бірақ қателесті. Инстаграм мен оның Ақ үйдегі жақтаушыларының осы әрекетін ғана құптадым. Себебі, осы әлеуметтік желіден шығып кетуді көптен бері өзім де ойлап жүрген едім. Бұған тіркелушілерімнің көптігі ғана кедергі болып келді. Фейсбук пен инстаграм желісінде 4 миллионнан астам тіркелушім бар еді. Көп уақытымды осы оқырмандармен сөйлесуге, олармен мемлекет және отбасымда болып жатқан жаңалықтарды бөлісу үшін жұмсайтынмын. Бірақ, тым қатты мұңаюдың қажеті жоқ. Біз ары қарай Вконтакте желісінде тілдесетін боламыз: Твиттер RKadyrov, Телеграм @Rkadyrov95», - деп Рамзан Кадыров әлеуметтік желілердегі мекен-жайларын жазып өтті.
Дереккөз: baq.kz