Атырау, 29 қараша 05:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Украина шекарада биометрикалық мәліметті тексеру жүйесін орнатпақ

1 625 просмотра


27 желтоқсаннан бастап Украина мен Ресей шекарасындағы бірнеше пунктте биометрикалық қадағалау жүйесі орнатылады деп хабарлады Facebook-те Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Зорян Шкиряк. Ол шекараның заң бұзушылар мен контрабандашылар көп өтеді деген жерлерінде мобильді биометрикалық қадағалау кешендері орнатылатынын айтты.

Украина президенті Петр Порошенко биыл 1 қыркүйекте 2018 жылдың 1 қаңтарында Украинаның шекара пунктерінде биометрикалық мәліметтерді тексеру жүйесі жұмыс істеуі тиіс екенін мәлімдеген. 

Киев Украина қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп санайтын кейбір елдердің азаматтары шекарадан биометрикалық төлқұжат арқылы өтеді. Егер биометрикалық төлқұжаты болмаса, онда шекарада шетелге шығу төлқұжатына биометрикалық мәліметтер енгізілмек.

Дереккөз: azattyq.org

25 желтоқсан 2017, 13:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.