Атырау, 18 мамыр 13:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

ОСК Навальныйдың құжаттарын қабылдап алды

2 245 просмотра


Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный 24 желтоқсан күні кешке өз штабындағы жақтастарымен бірге құжаттарын алып Орталық сайлау комиссиясына (ОСК) барды. ОСК ғимаратына кірер алдында ол «Бізді сайлауға тіркемей қою мүмкін емес, бізсіз өткен сайлау – сайлау емес» деп мәлімдеді. Кандидаттар санының көптігіне байланысты ОСК жексенбідегі жұмыс уақытын ұзартты.

Навальный құжатын тапсырған соң өзін кандидат ретінде тіркейді деген сенімде екенін мәлімдеді. ОСК қызметкерлері оған тіркелетіні, я тіркелмейтіні туралы жаңа жылға дейін хабарлайтынын айтты.

24 желтоқсанда Навальныйды Ресейдің бірнеше қаласындағы, оның ішінде Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі бастамашыл топ президенттікке кандидат етіп ұсынған. Навальный журналистер сұрағына жауап беріп тұрып, егер өзін сайлауға тіркемесе онда бір жыл бойы үгіт-насихат кампаниясын жүргізген барлық күш сайлауға бойкот жариялауға жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Оппозиционер Алексей Навальный 24 желтоқсанда Мәскеуде өзін қолдаған сайлаушылардың жиынында сөйлеп тұрып сайлауда жеңіске жетуге, билікті ауыстыруға және жаңа үкімет құруға күш салатынын айтты.

Навальный сайлаушыларға 2018 жылы наурызда өтетін сайлауда президент Владимир Путин жеңсе мемлекет «тағы алты жылын босқа жоғалтатынын» ескертті. Навальный «Владимир Путин, сіз елімізді өзіңізді, отбасыңыз бен серіктеріңізді байытудың көзіне айналдырдыңыз» деп мәлімдеді.

Дереккөз: azattyq.org

25 желтоқсан 2017, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.