Атырау, 21 қыркүйек 08:59
 дождьВ Атырау +18
$ 446.56
€ 512.34
₽ 5.30

Гватемала елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіруге шешім қабылдады

1 809 рет қаралды


Гватемала президенті Джимми Моралес Израилдегі елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіруге шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.

"Бүгін (24 желтоқсан) Израилдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен сөйлестім… Маңызды мәселелердің бірі Гватемала елшілігін Иерусалимге қайтару болды. Сыртқы істер министріне осы орайда тиісті шаралар қабылдауға тапсырма бергенімді хабарлаймын", — деп жазды Моралес Facebook желісінде.

Израиль елу жыл бұрын Иерусалимді Иорданиядан қайтарып, кейін аннексиялаған еді. Көптеген ел аннексияны мойындамай отыр, сол себепті елшіліктердің басым бөлігі Тель-Авивте орналасқан.

Дереккөз: sputniknews.kz

25 желтоқсан 2017, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.