Мемлекет ішінде бензин өте аз мөлшерде өндіріліп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kapital.kz сайтына сілтеме жасап.
Венесуэлада көптеген мұнай өндіретін зауыт өз жұмысын тоқтатты. Бұл туралы мұнай өндіру кәсіподағы жұмысшыларының басшысы Иван Фрейтес мәлімдеді.
«Майлауға арналған материалдарды да, бензинді де өндірмейтін болдық. Тек Amuay және Cardon мұнай өндіретін зауыттары өз жұмысын жалғастырады», - дейді Фрейтерс.
Мұнымен қатар, Фрейтес елде өндірілген мұндайдың АҚШ-та тым арзан бағамен сатылып жатқанын айтып өтті. Себебі, Венесуэла өздігінен шикізат өңдей алмайды. Бұдан өзге кей саланың дұрыс өркендемеуіне президент Николас Мадуро себепші екенін айтып өтті.
Бұрынырақ Николас Мадуро 2018 жылы бюджеттегі қаржының 70%-ын білім, мәдениет, денсаулық сақтау, тұрғын үй, демалыс және спорт салаларына жұмсайтынын мәлімдеген. Мұнымен қатар, Вэнесуэла көшбасшысы ұлттық криптовалюта жасайтынын айтқан болатын.
Дереккөз: baq.kz