Атырау, 19 желтоқсан 20:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Талды кессең, санап кес

4 407 рет қаралды

Балықшыдағы Байжігітов көшесіндегі кесіоген ағаш бұтақтары тұрғындар мен көлік жүргізушілеріне кедергі келтіруде. Мұндай жағдай №2,3 үйлерден басталып, соңғы аялдамаға дейін созылады. Аялдамада жинаусыз жатқан бұталардың көптігінен адамдар автобусты басқа жерден күтуге мәжбүр болған.

Біз қалалық ТКШ-нің өндірістік-техникалық секторының басшысы Ақесен ИБРАГИМОВПЕН хабарластық. Оның айтуынша, Атырауда ағаш кесу көктемде басталды, бірақ аяқталмады. Кейін жұмыстар күзде жалғасты:

- Біз мамандармен ақылдастық, олар ағашты кез-келген уақытта кесуге болатынын, әсіресе, қазір тиімді болатынын айтты. Мұнымен «Биоген-Инжиниринг» ЖШС айналысып жатыр, қазіргі уақытта 5 805 ағаш кесілді, 1 200 тал қалды. Қазір қала бойынша БСМП аумағында, Азаттық даңғылында, Қазнашылық ғимараты маңында көпжылғы ағаштарды кесіп жатыр.

- Кесілген ағаш бұтақтары жаяу жүргіншілер мен көліктерге кедергі жасап жатыр ғой.

- Қазіргі уақытта жұмысшылар жетіспейді, сондықтан уақытында жинай алмай жатыр. Жақында жұмысқа жаңа бригадалар қосылатын болады.

Гүлфайрус ТӨРЕМҰРАТОВА 

Суретті түсірген автор

24 желтоқсан 2017, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.