Атырау, 26 қараша 17:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Көгілдір отынмен қамтылады

2 746 просмотра


2018 жылы Атырау облысының елді мекендерін газдендіруге жергілікті бюджеттен 123 млн теңге бөлінеді. Бұл қаржыға Индер-Махамбет газ құбырының тарамы Елтай-Аққала құбыр желісінің және Махамбет-Жалғансай тармағының құрылысын жалғастырады.

Қазір өңірдегі 164 елді мекеннің 130-ы «көгілдір отынмен» қамтылған. 2018 жылы 13 ауылды: Бала Ораз, Атамбаев, Көздіқара, Есмахан (Махамбет ауданы); Тасқұдық, Саркөл, Сарқұмақ, Балқылдақты, Қоңыраулы, Кенбай (Қызылқоға ауданы); Амангелді, Қызылүй, Жақайрат (Исатай ауылы) ауылдарын газдендіруге жобалау құжаттамасы әзірленуде.

2017 жылы шекаралық Азғыр аймағының 10 елді мекенін газдендіру жоспарланды. Құны 10,1 млрд теңге болатын жобада ұзындығы 365 километр магистрал мен поселкеаралық құбырлардың құрылысы қамтылған. Оны жүзеге асыру 2018 жылға қалдырылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

24 желтоқсан 2017, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.