Атырау, 29 қараша 05:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Дональд Трамп жаңа салық заңына қол қойды

2 602 просмотра


Дональд Трамп салық заңы АҚШ президенті Дональд Трамп салық реформасы жөніндегі заңға қол қойды. Сөйтіп 1986 жылдан бері алғаш рет елдің салық жүйесіне өзгерістер енгізілетін болды. 

Ал жаңа құжатқа сәйкес енді Құрама Штаттардағы бірлестіктер мен кәсіпорындарға салынатын салық 35 пайыздан 21 пайызға дейін төмендетілді. Сондай-ақ жеке тұлғалардың салық төлеу тәртібі де өзгертіліп, жеңілдетілді. Алайда жаңа заңға қарсылар «бұдан былай денсаулық және әлеуметтік бағдарламаларға бөлінетін қаржы азаяды» деп, құжатты сынға алып отыр. Ал реформаны қолдаушылар: «бастама мемлекеттің экономикалық дамуына негіз болады», – дейді. 

Еске сала кетейік, АҚШ конгресінің қауымдар палатасы бұл заң жобасын өткен сәрсенбі күні екінші рет талқылап, бекіткен болатын.

Дереккөз: 24.kz

23 желтоқсан 2017, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.