Атырау, 29 қараша 05:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Каталония тәуелсіздігін жақтаушылар парламентте айқын басымдыққа ие болды

2 275 просмотра


Каталония тәуелсіздігін жақтаушы үш партия парламенттік сайлау қорытындысы бойынша мандаттардың басым көпшілігін иеленді, деп хабарлайды РИА Новости.

Бірақ Испанияның біртұтастығын қолдаушы "Азаматтар" партиясы парламенттегі 37 мандаттың 100%-дай дауысына ие болған. Оған 1,1 миллион адам дауыс беріпті. Сайлау нәтижесі бойынша екінші орында "Бәріміз бірге Каталония үшін" партиясы тұр, оны женералитеттің бұрынғы төрағасы Карлес Пучдемон басқарады. Бұл партияға 940 мың адам дауыс берген. Үш сепаратистік партия — "Бәріміз бірге Каталония үшін", "Каталонияның солшыл республикашылдары" және "Халық бірлігінің кандидатурасы" 135 ішінде 70 мандатқа ие болды.

"Бұл каталониялықтардың әлемге үндеуі: Каталония республикасы монархия мен 155-ші бапты жеңіп шықты", — деп мәлімдеді Каталонияның бұрынғы басшысы Карлес Пучдемон. Оның айтуынша, "испан мемлекеті жеңіліске ұшырады".

Дауыс беру қорытындысы бойынша тәуелсіздікті қолаушылар өңірлік үкіметтің жаңа басшысын өздері тағайындай алады, оның кім болары әлі белгісіз. "Бәріміз бірге Каталония үшін" партиясының көшбасшысы Пучмедон Испания шекарасынан аса алмайды, әйтпесе қамауға алынбақ. Ал "Солшыл республикашылдар" басшысы Ориол Жункерас түрмеде отыр.

Дереккөз: sputniknews.kz

22 желтоқсан 2017, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.