Атырау, 29 қараша 05:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Өзбекстанда білім және медициналық мекемелер темір-терсек тапсырудан босатылады

2 972 просмотра


Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстанда білім және медициналық мекеме қызметкерлері темір-терсек тапсырудан босатылады.

Бұл жөнінде ел президенті Шавкат Мирзияевтің 18 желтоқсандағы жарлығында айтылған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі news.rambler.ru сайтына сілтеме жасап.

Осыған дейін Өзбекстанда мектеп мұғалімдері, медициналық мекеме қызметкерлері және балабақша тәрбиешілеріне темір-терсек өткізу міндеттелген. Өткізбеген жағдайда, ақшалай айыппұл салынып келген.

Биыл желтоқсан айының басында Әндіжан қаласы әкімі Дилмурод Рахматуллаев кезекті жиналыста қысқа мерзімде 600 тонна темір жинауды тапсырған. Дәл осындай нұсқауды Ферғана, Үргенші және Нүкіс басшылары да берген.

Дереккөз: baq.kz

21 желтоқсан 2017, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.