Атырау, 29 қараша 05:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Рамзан Қадыровқа қарсы санкция қолданылады

2 011 просмотра


АҚШ "Магнитский тізімі" аталып кеткен санкцияға тағы бес ресейлікті қосты, оның ішінде Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров та бар, - деп хабарлайды РИА Новости америкалық Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Ведомство сайтында жарияланған ақпарат бойынша, тізімге енгендер Аюб Катаев, Юлия Майорова, Андрей Павлов және Алексей Шешени. Бұл тұлғалардың лауазымдары көрсетілмеген.  АҚШ "Магнитский тізімін" 2012 жылдың желтоқсанында қабылдаған. 

Ол бойынша, америкалық билік пікірінше адам құқығын бұзуға қатысы бар ресейліктерге қатысты санкция қолданылады. Ал Ресей тарапы "Магнитский ісін" саясиландырудың ешқандай жөні жоқтығын бірнеше рет айтқан. 

Дереккөз: tengrinews.kz

21 желтоқсан 2017, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.