Өзбек-қазақ шекарасындағы «Гишткуприк» (бұрынғы «Черняевка») тексеру-өткізу бекетінде ұзын кезек пайда болды. Жаңа жыл қарсаңында мыңдаған ташкенттік бағасы 30-40 пайызға арзан қазақ базарына өткісі келеді. Бұл туралы дереккөзге сілтеме жасап centralasian.org басылымы жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
"Шекараға таңғы жетіде келсеңіз, Қазақстанға түстен кейін ғана өтесіз. Адамдар шекарадан өту үшін бес-алты сағат тұрады. Үлкен кісілер мен балаларға, әйелдерге ауыр", - деді Ташкент тұрғыны.
Ол шекарадағы жағдайды видеоға түсіріп жіберді.
Ташкенттегі тәуелсіз журналист Абдурахман Ташановтың хабарлауынша, 19 желтоқсанда ол «Гишткуприк» бекетіне барған. Бірақ журналист шекарадағы үлкен кезектен өте алмаған.
"Кезекте шамамен 2 мың адам тұрды. Әр минут сайын кезекке адам қосылып жатты. Шекарадан өту үшін маған бес-алты сағат тұру қажет еді", - деді ол.
Желтоқсан айының басында баспасөзде Өзбекстан мен Қазақстан шекарадағы ең адам көп өтетін пунктерді кеңейтуге келіскені хабарланған.
Өзбекстанның тағы бір тұрғыны жақында ғана «Гишткуприкте» түсірілген суретін жолдады.
Дереккөз: baq.kz