Атырау, 29 қараша 05:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Киевтегі тәртіпсіздіктерден кейін Саакашвили акцияларын тоқтатты

2 399 просмотра

Фото: ANNA-News
Грузияның экс-президенті, Одесса облысының бұрынғы әкімі Михаил Саакашвили митингілер мен шерулердің тоқтатылуын жариялады. Бұл туралы Украинаның ZIK телеарнасында сөйлеген Саакашвилидің «Жаңа күштер қозғалысы» саяси кеңесінің мүшесі Иван Лозовой мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

«Оппозиция демократияның маңызды бөлігі болып саналады. Бірақ оппозициясыз саясат, ол дегеніміз авторитаризм мен диктатура. Михаил Саакашвили бұл жағдайды ескере отырып, кезекті марштарға немесе кездесулерге толық мораторий жарияланғанын мәлімдеді», – деді Лозовой.

Оның айтуынша, бұл шешім Октябрь сарайындағы тәртіпсіздіктерге байланысты жасалды.

Сонымен бірге, ол партия оппозициялық әрекеттерді тоқтатпайды деп санайды. Саакашвилидің жақтастары жексенбі күні Киевтегі митингтен кейін сол күні концерт өткізілген Октябрь сарайына шабуыл жасауға тырысты. Ғимаратта құқыққорғаушылармен қақтығыстар болды. Кейін Саакашвилидің шақыруынан кейін наразылық акциясының көпшілігі сарайдан шығып, парламент ғимаратына барды. Олар бұл оқиға арандатушылықтың нәтижесі екенін айтты. Полиция үш қылмыстық іс қозғады. Ұлттық гвардияның мәліметінше, қақтығыстар кезінде 60 украиналық әскери қызметші жарақаттанып, олардың 15-і ауруханаға жатқызылды.

Дереккөз: 7kun.kz

20 желтоқсан 2017, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.