Coinmarketcap биржасында биткойнның бағасы соңғы тәулікте 13,05% төмендеп, 16,52 мың доллар болды. Бұған Астана уақытымен 07:30-да болған сауда деректері дәлел, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі tass.ru басылымына сілтеме жасап.
Айта кетейік, 16 желтоқсанда криптовалюта өз тарихындағы максимум бағаға көтерілді. Ол 8,2% өсіп, 19 мың долларға жеткен болатын.
Биткойн – блокчейн технологиясының негізінде құралған бір аталымды криптовалютаның орталықтандырылмаған жүйесі. Оны жүйенің кез келген қатысушысы есептеу құрылғысының көмегімен жаңа блок жүйесін құрып ала алады.
Жүйенің концепциясы 2008 жылдың қарашасында жарияланды. Соңғы жылдарда биткойнның танымалдығы артып келеді. Бұл валютаның эмиссиясы «табиғи» түрде шектелген.
Дереккөз: Вaq.kz