Атырау, 3 маусым 06:45
 дождьВ Атырау +14.4
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

VI ғасырда салынған кітапхана қайта ашылды

3 516 рет қаралды


Мысырдағы әулие Екатерина монастріне тиесілі бұл мекеме 2014 жылы жөндеу жұмыстарына жабылған болатын.

Мұнда 6 мыңға жуық діни қолжазбалармен қатар, мыңдаған көне кітап сақталған. Олардың арасында ежелгі грек дәрігері әрі философы Гиппократтың медициналық рецептері мен шығыс-арамей диалектінде жазылған Библияның көне көшірмелері бар. Жалпы әулие Екатерина монастрі - ең ежелгі христиандық ескерткіштердің бірі. Ол алтыншы ғасырда салынған. 2002 жылы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енді. Ал оның ішіндегі кітапхана тарихи-діни әдебиет саны бойынша әлемде екінші орында тұр. Ең ірісі Ватиканда орналасқан. «Монастрде сондай-ақ әлемдегі ең ежелгі әрі ең ірі мозаикалардың бірі бар. Ол 12 жылға созылған қалпына келтіру жұмыстарынан кейін көпшілік назарына ұсынылады. Жарты миллион тастан тұратын мозаика шамамен 1400 жыл бұрын жасалған», - деді діни қызметкер Тони Казамиас.

Дереккөз: inform.kz

20 желтоқсан 2017, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.