Атырау, 26 қараша 17:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Сәттілік жолдас болсын

Сурет
8 746 просмотра


Төртінші сыныпта оқып жүргенде, мектепке сүт өндіретін компания өкілдерінің келгені есімде. Олар бізге дизайн ойлап тауып, суретін салу үшін сүт қаптамасының үлгісін таратып берді. Ең сәтті шыққан суретті дүкен сөрелерінде ұзақ уақыт бойына сатылып тұратын сүт қаптамасына шығаруға уәде етті.

Сабақтан соң дизайн нобайын ойластырған күйі үйге қарай жүгірдім. Сиыр, бидон, көкорай шалғын, сүт – мұны ақ қағазға қалай салсам екен? Неге сонша уайымдағанымды білмеймін. Кейінірек анам әп әдемі етіп сиырдың суретін салып берді. Басында гүл дестелері бар, ақ-қара теңбіл сиыр суреті әлі көз алдымда. Бір аптадан кейін мені мектеп директорына шақырды. Оның кабинетінде «сүтшілер» маған екінші орын ұсынып, диплом табыстап, анам суретін салған сиырдан аумайтын үлкен ойыншық сиыр тарту етті. Айта кету керек, бұл ең алғашқы және ең соңғы жеңісім еді.

Осы хикаяны есіме алып, бұдан да ірі жетістіктерге жеткендер бар ма екен деп ойладым.


Леся  Университетте оқып жүрген кезімде байланыс қызметін көрсететін компаниядан танымал Black Eyed Peas музыкалық тобының Алматыдағы концертіне билет ұтып алдым. Бұл үшін ұялы телефонға жіберілген бір сұраққа жауап беру қажет болды. Қандай сұрақ екені есімде жоқ, бұл өте қиын емес еді, жауабын жолдадым. Әуел бастан, бұл бос сөз деп құрбым сенбеген еді. Содан кейін құрбым опық жеп қалды, ал мен билетті алып, Алматыға бір тиын да жұмсамастан ұшып кеттім.

Кейін де олжаларым болды. Мысалы, 2008 жылы Марк Форстердің «Агент 007» фильміне екі билет ұтып алдым. Қандай қуандым десеңізші! Қазір әлеуметтік желілерде «Жазыл да, 5 досыңды белгілеп, жүлдеге ие бол» деген секілді көптеген байқаулар өтіп тұрады. Бірақ өзім белгілеген достарыма қарағанда, ешқашан ұтқан емеспін.


Тимур  Бала кезімде сұраусыз үйден ақша алып, Кока-кола сатып алдым да, ... ауылға жолдама ұтып алдым. Ата-анам маған осындай «ұтыс» тарту етті.


Нати  Өкінішке орай, ешқашан ештеңе ұтып алған емеспін. Кем дегенде бір цифр өзгеше боп шығады.


Мира  Хэллоуин мерекесіне орай, Атыраудағы түнгі клубтардың бірінде үздік тақырыптық костюм үшін конкурс ұйымдастырылды. Мен үрейлі фильмдердегі қанды медбике болуды ұйғардым. Костюмді бір апта бойы тіктім, бірақ бетпердеге көп уақыт жұмсалды. Ол толығымен гипстен жасалды және сырты қанды дәкемен оралғандай  еді. Жалпы осы келбетті жасау үшін қолдағы заттың бәрін, соның ішінде шай, бояу, кофе, желімді пайдаландым.

Міне, ең үздік костюм үшін дауыс беру сәті жақындап қалды. Қатты толқыдым, бетпердеден тыныстау да қиынға соқты. Нәтижесінде 100 мың теңге жүлде маған бұйырды. Айтпақшы, сол жерде Хэллоуиннен кейін бір аптадан соң лотерея ойналды. Билет сатып алайын деп ойладым. Мұным дұрыс болыпты, су жаңа айфон ұтып алдым. Телефон қызғылт түсті болса да, қазір оны күйеуім пайдаланып жүр.


Әлия  Кеше ғана сүйсініп ішетін газдалған сусынымды сатып алған едім. Қақпағынан код шықты. Оны енгізіп, телефон теңгеріміне 250 теңге ұтып алдым. Ұсақ-түйек болса да, жағымды екен.


Әсем  Жалпы, техника жағынан жолым болғыш. Менің ұтыстарымның ішінде блендер, асүй комбайны мен теледидар бар. Бірақ ең маңызды жүлдемді - ТВ-Бинго бағдарламасының арқасында жарты миллион теңге ұтып алдым. Оларды үйдің түрлі қажетті ұсақ-түйегіне жұмсадым. Сол кездері біз жаңа пәтерге көшіп барған едік.


Жанар  Сонау 2000-шы жылдары Бритни Спирстің суреті салынған футболка мен плакат ұтып алған едім. 

Жазып алған Анастасия АЛЮШИНА  

Суреттер респонденттердің мұрағатынан алынды

20 желтоқсан 2017, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.