Атырау, 26 қараша 17:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Геометриялық тротуар

2 968 просмотра

Тағы да төсемтастар мен оның сапасы туралы. Биыл Жылыой ауданының орталығы - Құлсары қаласындағы бірнеше көшенің жолы болды. Өкінішке орай, жасалған жұмыс тұрғындардың көңілінен шықпай отыр.

Мердігер - "АқсайСтройСервис" ЖШС 115 млн-ға жуық бюджет қаржысына  М.Ұлықпанов, И. Тайманов, С. Датов, А.Қорғанбаев, М. Кенғанов көшелеріне 18610 шаршы метр төсемтас төседі

- Төсемтас төселіп, жаяу жүргінші жолы салынғанда қуанып едік, алайда төсемтас жолдардың бір жері тар болса, кейбірі үшкірлене жасалған (суретте). Бұл жерде балалы адамдар арбамен қалай жүреді, қарттар ше? Жұмысшылар да, біздің ойымша, осындай жұмыс жасауға қолайсыз маусымда жұмыстарын әлі жалғастыруда,- дейді құлсарылықтар.

Қала әкімінің орынбасары Еркебұлан АҚҚҰСОВ:

- Салқындау кезде жасалағанымен жұмыс сапасыз деуге болмайды. Төсемтастардың үшкірлене төселуі ойланарлық екен. Мұны мердігер қалыпқа келтіретіні сөзсіз.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Сурет тұрғындардан алынды

19 желтоқсан 2017, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.