Вашингтон штатында дүйсенбі күні Amtrak жүрдек пойызының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандар саны алты адамға жетті, деп хабарлайды Associated Press-ке сілтеме жасап.
Бұл пойыз қозғалысының жылдамдығы сағатына 128 шақырымға жетеді, ал апат Сиэтлден оңтүстік бағытқа қарай 64 шақырымда болған. Жүрдек пойыз 180,8 милион долларды құрайтын жоба аясында салынған теміржолдың жаңа желісі бойынша дүйсенбіде алғашқы сапарын жасаған. Жоба мақсаты - Сиэтл мен Портленд арасында жолаушылар тасымалын жеделдету. Вашингтон губернаторы Джей Инсли штатта төтенше жағдай енгізді. Пойызда машинистерді қосқанда 83 адам болған. Апат Такома қаласынан оңтүстік бағыттағы теміржол бөлігінде, болды. Сиэтлден Портлендке бет алған Cascades жүрдек пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кетіп, I-5 көлік жолындағы көпірден құлаған.
Дереккөз: inform.kz