Атырау, 26 қараша 17:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ТШО жұмысшылары алкотестермен тексерілуде

3 315 просмотра


Атырау облысындағы «Теңізшевройл» компаниясы қызметкерлеріне организмде алкоголь құрамының болуына қатысты ішінара тест жүргізуге кірісті.

«АЖ» редакциясына осы мұнай компаниясының қызметкерлері хабарласып, 11 желтоқсаннан бастап зертханашылардың нысандарды аралап, қызметкерлерден электронды алкотестердің түтігіне үрлеуді өтініп жүргендерін хабарлады. 

Атыраудағы «Ардагер» сауда үйінің жанында орналасқан жатақханадағы компания қызметкерлері бірінші болып тексеруден өтіпті.

- Біздің құқығымыз бұзылып отыр. Бұл тестілеудің немен байланысты екенін бізге ешкім айтпады.

Мұнайшылардың айтуынша, компанияда «құрғақ заң» жоқ. Мәселен, Теңіз кенішіндегі «Шаңырақ» вахталық поселкесінде спирттік ішімдіктер сатылатын үш кафе-бар, «венгер» қалашығында – екі бар жұмыс жасайды.

Ал вахталық поселкеде компания әкімшілігі мынадай мазмұнда хабарландыру іліпті:

- Өнеркәсіптік қауіпсіздікті, өндірістің апатсыз жұмыс жасауын қамтамасыз ету және ТШО саясатының №14 «алкоголь, есірткілер және бақыланатын заттар» талаптарын сақтау бойынша  персоналдың тәртібін нығайту мақсатында «Теңізшевройл» ЖШС-тың барлық нысандарында жұмыс жасап жүрген персоналдарды ішінара тексеру процедурасын енгізеді. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 желтоқсан 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.