Таяуда ғана Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов елде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде комиссия құрды. Осының алдында елде ұн тапшылығы байқалған, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі centralasian.ru-ға сілтеме жасап.
Түрікменстан астанасында тауық жұмыртқасы тапшы. Жергілікті тұрғындар мұны азық-түліктің қымбаттауымен байланыстырады.
«Базарда тағам өнімдері күннен күнге қымбаттап жатыр. Оның үстіне свет, газ және суға коммуналдық төлем қызметтері өсті. Негізінде, елімізде жұмыртқа ешқашан қымбататмайтын. Қарапайым халыққа қолжетімді сол еді», - деді Ашхабад тұрғыны.
Бір апта ішінде астана базарларында жұмыртқа бағасы бірнеше есеге өскен. Желтоқсан айының басында Ашхабадта бір жұмыртқа 40 теңгеге сатылған. Ал қазір бір данасы 60-65 теңге тұрады.
Ішкі істер министрлігіндегі дереккөз азық-түлік бағасының өсуін облыстық нөмірі бар көліктердің Ашхабадқа кіруіне шектеу қойылғанынан деп түсіндіреді.
Дереккөз: baq.kz