Атырау, 29 қараша 05:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Перу Президенті қызметтен кетуден бас тартты

1 620 просмотра


Перу Президенті отставка Педро Кучински Перу Президенті Педро Кучински отставкаға кетпейтінін мәлімдеді. Бұған дейін елдің оппозициясы оны жемқорлыққа жол берді деп айыптап, басшылықтан кетуін талап еткен болатын. 

Дәлел ретінде оппозиция бразилиялық құрылыс компаниясының президентпен байланысы бар екі фирмаға 4 млн 800 мың АҚШ доллар аударғанын алға тартқан. Айтуларынша, бұл қаржы президенттің бармақ басты, көз қысты әрекеттеріне төленген. Қазір жемқорлыққа қатысты даулы істі арнайы мамандар тексеріп жатыр. 

Егер дәлелдер расталып, оппозиция жеңіске жететін болса, Педро Кучински уақытынан бұрын биліктен қуылған екінші президент болады. Оның алдында билік тізгінін ұстаған Ольянта Умала да өткен жылы жемқорлыққа қарсы дауға қалып, ақыры биліктен кеткен еді. Бүгінде ол әйелімен бірге қамауға алынған. 

Даниэль Салаверри, оппозиция өкілі: 

- Перу халқы президенттің отставкаға кетіп, билікті вице-президентке тапсыруын талап етіп отыр. Ал биліктің бізді түрлі тәсілмен тыныштандырмақ ойы бар. Тіпті сес көрсетті. Біз олардың айтқанына көніп, айдауына жүрмейміз. Жемқорлыққа қарсы бастаған әрекетті соңына жеткізбей тынбаймыз. 

Педро Кучински, Перу президенті: 

- Мұнда келгендегі мақсатым – мені айыптағандармен көзбе-көз кездесу. Мен қорықпаймын да, қашпаймын да. Өйткені себеп жоқ. Көкейлеріңізге күдік орнатқан сұрақтарыңыз болса, жауап беруге әзірмін. Иә, компанияда менің үлесім бар. Бірақ мен кәсіпорын басшысы емеспін. Келісімшарт, аударымдар жасаған барлық құжатқа Джерардо Сепульседа қол қойған. Компания атынан құжат рәсімдеуге менің құқығым жоқ.

Дереккөз: 24.kz

15 желтоқсан 2017, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.