Атырау, 29 қараша 05:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

21st Century Fox компаниясын Дисней сатып алды

2 142 просмотра


Walt Disney белгілі медиамагнат Руперт Мердоктың 21st Century Fox компаниясын 52,4 млрд долларға сатып алатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си агенттігіне сілтеме жасап. 

Мәміле шарттарына орай Disney Мердок компаниясына тиесілі басқа активтерге де иелік етеді. Атап айтқанда, Sky спутник арнасының 39% акциясы, 20th Century Fox киностудиясы, National Geographic арнасы және басқа елдердегі осы медиакомпания бақылауындағы медиакомпаниялар да енді Disney-ге тиесілі. Сонымен қатар «Икс адамдар», «Аватар», «Симпсондар» секілді танымал франшиздердің құқығы да Disney компаниясына өтеді. Fox өз иелігінде тек жаңалық және спорт арналарын ғана қалдырды. Осылардың негізінде жаңа компания құру жоспарлануда. Мәміле жасалған. Сатып алу рәсімдері 2018 жылғы 30 маусымда аяқталуы тиіс. 

Дереккөз: inform.kz

15 желтоқсан 2017, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.