14 желтоқсанда таңғы сағат 07.30 шамасында Атырауда Баймұханов көшесіндегі Бірінші учаске тұсында жаяу жүргінші жолында ЖКО орын алды.
"Лада Ларгус" көлігі жаяу жүргінші жолында екі адамды қағып кеткен. Оқиға салдарынан атыраулық 4 жасар қыз қаза болса, оның анасы ауруханаға жеткізілген.
Облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, көлік иесі 1996 жылғы, Индер ауданының азаматы. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүруде. Сараптама тағайындалды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА