Атырау, 29 қараша 05:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Брюссельде екі жарым мыңға жуық адам мигранттарды қолдау шарасына шықты

2 048 просмотра


Брюссель мигранттар наразылық шарасы Брюссельде екі жарым мыңға жуық адам көшеге шықты. Босқындар мен мигранттарға көмек көрсетуші ұйым өкілдері Еуроодақ басшылығын жаңа көші-қон саясатын ұстануға шақырып отыр. 

Наразылық шарасы Бельгия астанасындағы Еуроодақ саммитінің ашылуымен тұспа-тұс келді. Осы кездесуде көші-қон мәселесі талқыланАды деп күтілуде. Бұған дейін Еуроодақ төрағасы Дональд Туск босқындарды қабылдауға арналған квоталарды үлестірудің тиімсіздігін айтып, оның күшін жоюды ұсынған. Ал көші-қон еурокомиссары: «Бұл ұсыныс қабылдауға келмейді», – деп мәлімдеген. Николя ван Нуффель, бедьгиялық үкіметтік емес ұйымдар өкілі: - Еуроодақ басшылығына 17 жыл ішінде Жерорта теңізінде 33 мың адам қаза тапқанын айтқымыз келеді. Еуропаның босқындарды қабылдап, қонақжай болуына уақыт жетті. Мигранттар мен босқындар Еуропада заңды түрде паналауы үшін қолдан келгенді жасауымыз керек. - Хадиша Хурша, наразылық шарасын ұйымдастырушы: Босқындарды қабылдауға қаражат жеткіліксіз деген желеу – орынсыз тәсіл. Адамдардың әрдайым жер аударып жүргендерін тарихтан білеміз және олардың қалаған еліне қоныс тебулеріне толықтай құқығы бар. Еуропаға алдағы уақытта бұл адамдар керек болады.

Дереккөз: 24.kz

15 желтоқсан 2017, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.