Атырау, 29 қараша 05:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Бішкек: Ташкент Қырғызстанға 100 миллион доллар несие береді

3 344 просмотра


Өзбекстан Қырғызстан кәсіпкерлеріне 100 миллион доллар несие бермек. Бұл жөнінде Қырғызстанның экономика министрі Артем Новиков хабарлады. Оның сөзінше, қаржы Өзбекстан тауарларын Қырғызстанға экспорттау үшін беріледі.

"Барлық несие қаржы мекемелері арқылы беріледі, үкіметке бұл несиеге байланысты ешқандай кепілдік берілмейді. Бұнан бөлек, бұл мәселе егжей-тегжейлі Қырғызстан мен Өзбекстанның несие жүйесі арқылы реттеледі" деді ол.

Министр несиені алу мерзімі мен шарттары туралы ақпарат бермеді.

13-14 желтоқсанда Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Өзбекстанға ресми сапармен барды. Қырғыз делегациясының құрамында үкімет мүшелері, Жогорку Кеңеш депутаттары және кәсіпкерлер болды.

Қараша айында Қырғызстан Қазақстаннан 100 миллион доллар қаржылай көмек алу туралы келісімнен шыққан. Келісімді бұзу туралы заңға Қырғызстанның сол кездегі президенті Алмазбек Атамбаев қол қойған.Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы 100 миллион доллар көлемінде техникалық көмек көрсету туралы келісімге 2016 жылдың желтоқсанында Санкт-Петербургте өткен Еуразия жоғары экономикалық кеңесінің отырысында қол қойылған. Бірақ биыл күзде Қырғызстан Қазақстан уәде берген 100 миллион доллар көмекті алуға ниетті емесін және "бұл сұрақ бойынша ары қарай жұмыс істеудің қажеті жоқ" деп санайтынын мәлімдеген.

Дереккөз: azattyq.org

15 желтоқсан 2017, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.