AZATTYQ.ORG. "Тұтқын түрмеде азапталғанын дәлелдегісі келеді" - Ақмола облысындағы ЕЦ-166/4 колониясында отырған Ерік Тәженов қамау орнына жеткізілген кезде азапталғанын дәлелдеуге тырысып жүр. Мекеме басшылығы тұтқынның сөзін жоққа шығарады. Бас прокуратура Қазақстанда азаптауға қатысты істердің көбі сотқа жетпейтінін айтады.
"Шахтадағылар талаптарынан қайтпай тұр" - Үш тәуліктен астам Қарағанды облысының 100-ге жуық кеншісі жалақы көтеру талабына жауап күтіп, суық әрі дымқыл шахтада отыр. Олар тақтайға ұйықтап, сырттан келген тамақ жейді. Билік кеншілерді шығуға үгіттеп жатыр.
QAZAQTIMES.COM. "«Аллажар» фильмінің толық шығуына не кедергі?" - 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының өзін ресми түрде Тәуелсіз мемлекет ретінде жариялаған күні және 1986 жылы қазақ жастарының «Қазақты қазақ басқарсын!» деген ұранмен алаңға шығуына себеп болған күн. Бірақ... Бірақ қазіргі кезде бұл екі атаулы күннің де саяси салмағы жоқ екені ақиқат. Өйткені 16 желтоқсан «Тәуелсіздік алған күніміз» деп жарияға жар салғанымызбен, 1986 жылы желтоқсанда алаңда қаны төгілген қазақтың рухын асқақта алмай келеміз. Олардың істеген ерлігі болашақ ұрпақтың санасынан сөніп барады. Ал оны жаңғыртатын дүниелер әлі «мұрағатта» жатыр. Солардың бірі «Аллажар» фильмі екені анық. Иә, бұл фильм жарыққа шыққан. Youtube желісінен 2 жарым сағатын көруге болады. Бірақ фильм қазақ халқына толық жетуі керек еді. Күнде болмаса да, Тәуелсіздік күні келген сайын әр телеарнадан сапалы түрде көрсетілуі керек еді. Алайда оның әлі толық жарық көрмеген лентасы жатыр... Ал оны шығаруға не кедергі? Кім неден қорқады? Бұл сұраққа фильм режиссері Қалдыбай Әбенов, режиссердің көмекшісі, Желтоқсаншы Ерлан Декелбай және журналист Көлбай Адырбекұлы жауап берді.
"Федералды резерв жүйесінің биткоинға қатысты көзқарасы қандай?" - Биткоин - қаржыны жылыстату үшін қолданылатын өте қауіпті электронды қаржы активі. Сондықтан АҚШ-тың Федералды резерв жүйесі крипитовалютаның бұл түрін реттеумен айналыспайды, деп мәлімдеді ФРЖ басшысы Джанет Йеллен.
ZHASALASH.KZ. "Досым Сәтбаев: Совет Одағының қатесі айна-қатесіз қайталанып жатыр" - 1991 жылы тәуелсіздікке қол жеткізіп, демократия, пікір алуандығына бет алған Қазақстан қалайша 26 жылдың ішінде авторитарлық елге айналды? Саясаттанушы, Тәуекелдерді бағалау тобының жетекшісі Досым Сәтбаев «95-жылдардан бастап елімізде орнай бастаған суперпрезиденттік жүйе, саяси алаңды демократиялық күштерден тазартудың соңы елді классикалық авторитаризмге әкеп тіреді» дейді. Алайда авторитаризмнен ең алдымен биліктің өзі зардап шегіп отыр. Себебі саяси институттары әлсіз әрі жасанды, бір адамға негізделіп құрылған жүйені жеме-жемге келгенде қорғайтын ешкім жоқ. Жүйені қысылтаяң шақта элита өкілдерін былай қойғанда, билікке бейтарап, қарсылығы жоқ болып көрінетін көпшіліктің өзі қорғамауы әбден мүмкін. Досым Сәтбаевпен арадағы әңгімеміз Қазақстанның тәуелсіздік жылдарының ішінде жеткені мен жетпегені, билік ауысуының ықтимал сценарийлері мен оған сыртқы ойыншылардың, әсіресе Ресейдің араласу мүмкіндігі төңірегінде өрбіді.
"Мұхамеджан Тазабеков: Жүрсін Ерманнан кінәлі болғаным үшін кешірім сұраған жоқпын" - «Жас Алаш» газетінде белгілі ақын, айтыстың қара нары Жүрсін Ерманмен болған «Айтысты діни радикалдық топтар иемденіп кете ме деп қауіптенемін» деген сұхбат жарияланғалы бері ел ішінде қызу пікірталас жүріп жатыр. Тіпті әлеуметтік желілерде бұл мақалада айтылған дүниелерді талқылап, әркім әртүрлі ой білдіріп, жұрттың пікірі екіге жарылып тұр. Сұхбатта әңгіме алтыншы мәрте ұйымдастырылып жатқан «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы төңірегінде өрбіп, Жүрсін Ерман айтыстың жолына қойылған кедергілер мен басынан кетпей тұрған даулар жөнінде ашына айтып, «айтысты белгілі бір топтар иемденіп кете ме?»» деген қаупін жеткізген болатын.
ABAI.KZ. "Мұхтар ТАЙЖАН: Жаңа заң қабылданса – қазақтың жерін шетелдіктерден сақтап қалғанымыз" - Ендігі белгілі болғандай, ҚР парламентінің мәжілісі өткен сәрсенбіде «Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады. Бұл заң жобасы былтырғы жылы Қазақстанды дүрліктірген «жер митингілерінің» нәтижесі еді.
"Отаршыл Ресейдің қазаққа салған зобалаңы" - Мынау не деп сандалып отыр деп шоршитындар шорши берсін өз басым мына бір нәрсеге көзім жетті: Бұдан жүз, тіпті, екі жүз жыл бұрын өмір сүрген, ағылшынша сөйлемек түгіл кәпірдің тілі деп бір ауыз орысша сөз айтпайтын қарапайым қитабан қазақтың ұлттық санасы, ұлттық намысы, отансүйгіштігі бүгінде бақытын басқа жақтан іздеп «Болашақ» бағдарламасымен, не Мәскеуде оқып келген ботатірсектерден де, парламентте аузымен орақ орып, бөксесімен диірмен тартып отырған депутаттан да әлдеқайда жоғары болатын. Неге дейсіз бе?
TURKYSTAN.KZ. "Қызметіне қылқұйрық сұрайтын қорғаушылар" - Әрбір адамның құқығы заң жүзінде қорғалады. Бұл ретте азаматтарға адвокаттардың көмегі ауадай қажет. Бір айта кететін жайт, елімізде адвокаттық қызметті жетілдіру айтарлықтай түйткілге айналып отыр. Қазақ елінде жәбірленушілердің құқығын кәсіби қорғайтын адвокаттар саны мүлдем аз. Саны аздық сапасыз қызметке әкеліп соғады.
"Алдамшы қызыққа уыстап ақша шашқан" - Жасыратыны жоқ, Жаңа жыл – жастың да, кәрінің де асыға күтер мейрамы. Онымен бірге ғажайып еріп келетіндей көріне ме, әйтеуір жылдың бір күніне бола асып-тасу әдетке айналған. Ең дәмді асты осы мерекеге дайындаймыз, ең әдемі көйлекті осы мейрамға киеміз. Тіпті, кейбіріміз бір жыл бойы еске алмаған туыс пен досты да осы күні іздейтініміз құпия емес. Жаңа жылға отбасы, ошақ қасы түгілі, ауыл, аудан мен қала көшелеріндегі дайындық та ерте басталады. Еліміз үшін ең ұлық мереке – Тәуелсіздік күнін атап өткенше Жаңа жылға әзірлікті бастамаймыз деп бәтуалассақ та, баяғы жартас – сол жартас… Қазына қаржысынан мерекелік «еншісін» бөліп алғандар дайындыққа кірісіп кеткен секілді.