Атырау, 29 қараша 05:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Шығыс Иерусалимді Палестина астанасы деп мойындау туралы ортақ декларация қабылданды

1 941 просмотра


Шығыс Иерусалим Палестина Ислам ынтымақтастық ұйымы Ыстамбұл Түркия Ыстамбұлда өткен Ислам ынтымақтастық ұйымының кезектен тыс саммитінің қорытындысы жарияланды. Оған сәйкес, ұйымға мүше мемлекеттер Шығыс Иерусалимді Палестина астанасы деп мойындау туралы ортақ декларация қабылдады.

Алқалы жиынның нәтижелерін түйіндеген Түркия Президенті АҚШ-тың Таяу Шығыс аймағындағы саясатын қатаң сынап, оның араб-израиль бейбітшілік үдерістегі рөлін жоққа шығарды. Естеріңізге саламыз, Ислам ынтымақтастық ұйымының Ыстамбұлдағы кезектен тыс саммитіне 49 елдің мемлекет басшылары, үкімет жетекшілері мен лауазымды тұлғалары жиналды. Ал еліміздің атынан бұл жиынға Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қатысты. Реджеп Тайып Ердоған, Түркия Республикасының Президенті: – Осыдан соң Америка Израиль-Палестина арасында арағайындық жасай алмайды. Бұл үрдіс осы жерде аяқталды. Ал арағайындық рөлді кім атқаруы мүмкін, Ислам ынтымақтастық ұйымының аясында оны қарастыруымыз тиіс. Ұйымның бүгінгі саммитінде АҚШ-тың арандатушылық әрекеті әшкере болды. Бұл қателікті терістеу ешкімге пайда бермейді. Біз бүгін Иерусалимді Палестинаның астанасы ретінде жариялап, тарихи шешім қабылдадық.

Дереккөз: 24.kz

14 желтоқсан 2017, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.