Атырау, 29 қараша 05:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Бразилияға көрші Венесуэладан босқындар ағылды

1 671 просмотра


Бразилия Венесуэла босқындар Бразилияға көрші Венесуэладан толассыз босқындар ағылып, төтенше жағдай қалыптасты. Саяси-экономикалық дағдарыстан берекесі қашып, күн көру үшін шекара ауған адамдар қатары күн санап көбейіп барады. 

Осыған байланысты Бразилияның солтүстігіндегі Рорайма штатында жарты жылға төтенше жағдай енгізілді. Бірақ жергілікті билік қазір аймақта қанша Венесуэлалық мигрант барын нақты айта алмайды. Өйткені шекара ашық. Тіпті түнгі мезгілде тексеру-бақылау бекеті жұмыс істемейді. Ресми дерекке қарағанда, босқын мәртебесін сұраған мигранттардың саны өткен жылы 4 мың болса, биыл 15 мыңға жеткен. Осы өңірдің орталығы Боа-Виста қаласының билігі шаһарда қазір 25 мың мигрант бар деп отыр. Ал БҰҰ Көші-қон жөніндегі агенттіктің мәлімдеуінше, бұл босқындардың саны 30-40 мыңға жуық. Бірақ осындай гуманитарлық қиыншылыққа қарамастан, Бразилия үкіметі көрші елмен шекараны жаппайтынын жеткізді. Солимар Маркез, босқын:  – Венесуэлада біздің жағдаймыз өте ауыр. Ұлттық валютамыз құнсызданып, тапқан табысымыз түкке де жетпейді. Сондықтан күн көру үшін шекара асып, Бразилияға келуге мәжбүрміз.

Дереккөз: 24.kz

13 желтоқсан 2017, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.