Атырау, 29 қараша 05:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Нью-Йорктегі жарылысты Бангладеш азаматы жасаған

2 213 просмотра


Нью-Йорктегі жарылысты Акайед Улла есімді күдікті жасаған. 27 жастағы Бангладеш тұрғыны шетелдік лаңкестік ұйымға қаржылай көмек көрсетті, қару-жарақ қолданды және қоғамдық орында жарылыс жасады деп айыпталып отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі күні Нью-Йорктегі автостанцияда жарылыс болған еді. Сол уақытта қаскөйдің өзі мен тағы 4 адам жараланған. Бұл туралы Нью-Йорк губернаторы мәлімдеді. Полиция өкілдерінің дерегінше, Акайед Улла жалғыз әрекет еткен. Ал The New York Times басылымы АҚШ күштерінің «Ирак және Левант лаңкестік тобының» жауынгерлеріне жасаған шабуылдары үшін кек қайтармақ болған деп жазды. CNN телеарнасы болса, АҚШ gрезидентінің Иерусалимді Израиль астанасы ретінде мойындауынан кейін Израильдің әрекеті түрткі болды деп хабарлады. Осы жағдайдан кейін Дональд Трамп виза лотереясы арқылы грин-карта үлестіруді тоқтатуға шақырды. Дональд Трамп, АҚШ президенті:  – Соңғы апталарда Нью-Йоркте екі лаңкестік оқиға болды. Бұл әрекеттерді жасаған – грин-карта арқылы келген шетел азаматтары немесе мигранттар. Бұл үрдісті тоқтату керек.

Дереккөз: 24.kz

13 желтоқсан 2017, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.