Атырау, 4 мамыр 14:22
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

​Австриядағы газ стансасында жарылыс болды

1 718 просмотра


Австриядағы газ станциялардың бірінде жарылыс болып, 1 адам қаза тапты. Тағы 20-дан астам кісі жарақат алды. 

Олардың кейбіреуінің халі ауыр. Оқиға елдің Словакиямен шекарасына жақын жердегі Баумгартен мекенінде болды. Полицияның мәлімдеуінше, станциядағы апатқа техникалық ақау себеп. Салдарынан жарылыс болып, өрт шыққан. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Айта кетейік, Баумгартендегі газ станция Еуропадағы ең үлкен үш орталықтың бірі болып саналады. Бұл станция арқылы Ресейдің Батыс Еуропаға тасымалдайтын газының үштен бір бөлігі өтеді.

Дереккөз: 24.kz

13 желтоқсан 2017, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.