Атырау, 26 қараша 18:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Уәдені бір жыл күтеді

Сурет
2 765 просмотра

Атырау мөлтек ауданының №17 көше тұрғындары ұзақ жылдан бері трансформатордан алып отырған ток қуатының аздығына наразы. Жақында олар АЖ редакциясына хабарласты. Бұл мәселенің шешілмегеніне үш жыл болыпты.

Қала тұрғыны, Н.Диас: - Ел қатарлы ақысын төлегенімізбен, желіден тек 180В ток алып отырмыз. Мұны қалалық әкімдікке жазған шағымымыздан кейін тексеруге келген «Атырау-Жарық» мекемесінің қызметкерлері айтты. Жаз мезгілінде көптеген тұрғындардың тұрмыстық техникалары істен шықты. Бұрындары бұл тек жазда қайталанатын жағдай деп етіміз үйреніп еді, енді қыс мезгілінде де компьютер қосып жұмыс жасауға  мүмкіндік болмай қалды.

Тұрғындар сауалын «Атырау-Жарық» қалалық электр желілерінің бастығы Ғабиден ҚАНАТОВҚА жолдағанымызда ол №17 көшеге орнатылған қуаты 630 кВА болатын 10/0,4кВ кернеудегі №151/5 кешенді трансформаторлық станция қалалық әкімдіктің балансында екендігін айтты. Аталған трансформатордың орнатылғанына 10 жыл уақыт болған.

Қанатовтың айтуынша, мәселе жаңа электр жүйелері жүргізілмей, қосымша жер телімдері бөлініп, тұрғын үйлердің көптеп салынуынан туындап отыр.

Тұрғындар өз тараптарынан жаңа салған құрылыс нысандарына линияларды электр ережелерін сақтамай жүргізген. Бұл мәселені шешудің жолы қалалық әкімдік аталған кешенді трансформаторлық станцияға жаңадан 10,4 кВ кернеудегі кешенді трансформаторлық станция мен 0,4 кВ кернеудегі электр желісін орнату қажет. Мұндай қосымша тарансформаторлар Сарыөзек, Береке ауылдары мен Химпоселек, Атырау, Атырау-2 ықшамаудандарында да орнату қажет, - деді Ғ.Қанатов.

Қала көшелеріне электр желілерін жүргізумен айналысатын қалалық құрылыс бөлімі аталмыш ықшамаудандағы мәселеден бейхабар екенін айтады.

Олжас ХАСАНОВ, Қалалық құрылыс бөлімінің өндірістік техникалық секторды бақылау жөніндегі маманы: - Мұндай мәселені қалалық құрылыс бөліміне тұрғындардың ұсынысы түскен жағдайда жоспарға енгіземіз. Алайда бізге бүгінге дейін бұл тұрғындардан ұсыныс түспеді. Сол себепті сіз айтып отырған көше биылғы жоспардан кешікті. Алайда бұл 2018 жылы реттейміз дегенді білдірмейді. Ең алдымен бізге жаңадан электр желісін жүргізу үшін  жобалық смета жасақтауға қаражат бөлінуі тиіс. Әрі қарай іс заңды жолымен жүреді. Бұның барлығы кем дегенде бір жыл уақытқа созылады.  

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

13 желтоқсан 2017, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.