11 желтоқсанда зауытта орын алған өрт фактісі бойынша АМӨЗ баспасөз қызметі хабарлағандай, гудрон желісінде сағат 9.57-де өрт тұтанған. Алдын ала анықталғандай, құбырда саңылау пайда болған. Өрттен болған зардап үлкен емес, зауытта алдағы 3 күн ішінде өрт салдарын жою жоспарланып отыр.
Жақында ғана энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВТЫҢ Тәуелсіздік күні қарсаңында мұнайды терең өңдеу кешенін (МТӨК) іске қосуға үміт білдірген мәлімдемесіне байланысты зауыттағы жұмыстар жеделдету тәртібімен жүргізілген.
МТӨК-ті іске қосу уақыты кейінге қалдырыла ма, әлі белгісіз. Бірақ өрт зардабы айтарлықтай. Зауыттағылар өрт салдарынан мұнайды алғашқы өңдеу көлемі тәулігіне 14 мың тоннадан 7 мыңға дейін төмендейді деп мойындап отыр.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА