Бүгін, 11 желтоқсанда Атырау мұнай өңдеу зауытында ЭЛОУ-АВТ-3 –мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысы өртенді.
Ал АМӨЗ-дің баспасөз қызметі өртену фактісін жоққа шығарды. Тіпті, қызметкерлерінің бірі зауыт аумағынан түсірілген суреттерді жолдамақ та болған. Алайда кейін телефон тұтқасын көтермей қойды.
ТЖД нысанға 17 техника бірлігін жіберген. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 66 адам жұмылдырылыпты.
- Өрт туралы ақпарат сағат 10.10-да түсті, 10 шаршы метр алаң өртенген, өрт сағат 10.30-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Сурет пен бейнежазбаны куәгерлер жолдады