Атырау, 29 қараша 03:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Ресей зымыран келісімі жайлы АҚШ-тың айыптауын жоққа шығарды

2 420 просмотра

Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков.
Ресей орта және қысқа қашықтықтағы зымырандарды жою туралы маңызды келісім талабын бұзғаны жайлы АҚШ-тың айыптауын жоққа шығарды.

Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков желтоқсанның 9-ы күні жасаған мәлімдемесінде АҚШ-тың "тек жалаң сөзге құралған айып" тағып отырғанын айтқан. Бұл мәлімдемеге дейін АҚШ-тың Ресейге "орта және қысқа қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімді бұзғаны үшін" жаңадан әскери және экономикалық санкциялар салуы мүмкіндігін қарастырып жатқаны туралы ақпарат тараған еді.

АҚШ мемлекеттік департаментінің бұл мәселе бойынша ескертпесі президент Дональд Трамптың әкімшілігі бұдан 30 жыл бұрын СССР мен АҚШ арасында орта және қысқа қашықтықтағы зымырандарды жою туралы жасалған мерзімі шектелмеген келісімге ерекше назар салып қарайтынын аңғартады. Аталған келісім бойынша, Еуропада құрлықтан орта және қысқа қашықтыққа атылатын баллистикалық пен қанатты зымырандарды шығаруға, сынауға және орналастыруға тыйым салынады. Сонымен бірге келісімде оның шарттарының орындалуын тексеру аясы белгіленген.

АҚШ алғаш рет 2014 жылы Ресейді аталған келісім талаптарын бұзып отыр деп айыптаған. Барлау жөніндегі сарапшылар болса Ресей жобаны әзірлеуді одан бірнеше жыл бастағаны туралы мәлімдеген еді.

Дереккөз: azattyq.org

11 желтоқсан 2017, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.