Атырау, 26 қараша 18:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Каналдарға инвестиция тартылады

3 207 просмотра


Атырау облыс аудандары арасында сәби өлімінен Махамбет ауданы «көш бастап» тұр. Бұл туралы Махамбет ауданының әкімі Сырым Рысқалиевтың брифингінде айтылды.

Облыс орталығына ең жақын ауданда 34,3 мың адам тұрып жатыр. Ауданның негізгі экономикалық бағыты - ауыл шаруашылығындағы өзекті су мәселесін шешу үшін биыл шаруаларға 310 млн теңге субсидия бөлінген. Сонымен қатар аудандардағы каналдардың барлығы мемлекет меншігіне қайтарылып, каналдарды тазалау жұмыстарына жергілікті инвесторлар да тартылған.

«АЖ» саулдары:

-Махамбет ауданында сәби өлімі көп деп айтып кеттіңіз. Себептері анықталды ма?

- Жыл басынан бері сәби өлімі бойынша 5 оқиға тіркелді. Анықтағанымыздай, басты себеп жүкті әйелдердің дер кезінде дәрігер есебіне тұрмауы. Қазір түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

- Зейнет жасына шыққан дәрігерлер әлі қызметте жүр. Кадр тапшы ма?

- Ауданға 7 дәрігер жетіспейді. Олар сұранысқа ие лор,окулист, мамолог мамандар. Қазіргі таңда ауданда 19 медициналық мекемеде 51 дәрігер мен 199 орта медицина қызметкерлері қызмет етуде. Тапшылық сезіп отырған жоқпыз. Зейнеткерлердің орнын басатын мамандарымыз бар. Мысалы Ақтөбеде оқып жатқан екі болашақ дәрігермен келісім шарт жасадық. Қазір қызметте жүрген зейнеткерлерді бірден жұмыстан шығара алмаймыз, олар жас мамандарға тәжірибелерімен бөлісуі қажет, бірақ  бірте-бірте алмастырамыз.

- Жайық өзені арқылы өтетін көпір қашан пайдалуға беріледі? Алғашында 2016 жылы тапсырылады деп жоспарланған.

Көпір құрылысының ұзақтығына оның бірнеше сатыларға бөлініп салынуы себеп. Көпірді 6 айдан соң пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

9 желтоқсан 2017, 21:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.