Атырау, 29 қараша 03:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Киевте Михаил Саакашвилиді ұстады

2 391 просмотра
Полиция қызметкерлері Михаил Саакашвилидің жақтастарының жолын бөгеп тұр. Киев, 9 желтоқсан 2017 жыл.
Грузияның экс-президенті, Украинаның Одесса облысының бұрынғы губернаторы, оппозициялық "Жаңа күштер қозғалысы" партяисының жетекшісі Михаил Саакашвилиді желтоқсанның 8-і күні Киевте құқық қызметкерлері ұстады. Бұл туралы ақпаратты оның серіктері және Украина бас прокуроры Юрий Луценко растады. Бас прокурордың айтуынша,құқық органдары уақытша ұстау изоляторына қамалған Саакашвилиге қатысты тергеу амалдарын бастап, соттан оны тұтқындауды сұрамақшы.

Михаил Саакашвилидің адвокаты Руслан Чернолуцкий журналистерге оппозициялық саясаткер уақытша ұстау изоляторында мерзімсіз аштық жариялайтыны туралы мәлімдегенін жеткізді. Адвокаттың сөзінше, Саакашвили бостандықтағы жақтастарын жексенбіге белгіленген қарсылық акциясына шығуға шақырған.

Бұған дейін Украина ұлттық полициясының басшысы Сергей Князев "заң процедураларына байланысты" күш құрылымдары әзірше Саакашвилиді ұстау жоспарланып отырмағаны туралы мәлімдеген болатын. Бірақ ол қандай "заң процедуралары" екені туралы ашып айтпаған.

Украина қауіпсіздік қызметі бұған дейін желтоқсанның 5-і күні Михаил Саакашвилиді Киевтегі пәтерінен ұстап, тергеу органына жеткізбекші болған еді. Бірақ сол жолы оппозициялық саясаткерді жақтастары босатып алғаннан кейін құқық органдары Саакашвилиге іздеу жариялаған.

Желтоқсанның 5-і күні Украина бас прокуроры Юрий Луценко Михаил Саакашвили 2014 жылы биліктен тайдырылып, Ресейге қашып кеткен "Украинаның экс-президенті Виктор Януковичке жақын бизнесмен Сергей Курченкодан ақша алған" деп мәлімдеген.

Саакашвили өзіне тағылған айыптарды "жалған" деп атаған.

Дереккөз: azattyq.org

9 желтоқсан 2017, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.