«Соңғы екі жылда ИМ сыртқы барлаумен айналысты. Өкінішке орай, ИМ аумағының жоғалуы шабуылдарды «шабыттандыру» қабілетінің төмендеуіне айналғанын көрмей отырмыз.
Әлеуметтік медиа арқылы лаңкестердің жан-жақты адамдармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі бұрын-соңды болмаған қарқында, бұл ИМ ел ішіндегі көптеген экстремистерге қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді сәрсенбі күні АҚШ-тың Терроризмге қарсы ұлттық орталығының барлау жөніндегі директоры Лора Шайо.
Барлаушылар мен әскери кеңесшілердің топқа қарсы күрес жағдай туралы баяндамасы АҚШ сенатының ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттік істер жөніндегі комитетіне ұсынылды.
«Бұл жаңа халифат – киберкеңістіктегі», - деп түсіндірді комитет төрағасы Рон Джонсон.
Америка Құрама Штаттарының қорғаныс министрінің арнайы операциялар бойынша көмекшісі Марк Митчеллдің айтуынша, жердегі операциялардың нәтижесінде аумақтарынан айрылған террористер ғаламторға кетіп жатыр.
«Халифаттың физикалық деңгейде жойылуы ИМ-нің әлемдік лаңкестік ұйым ретінде біткенін білдірмейді. ИМ аумақтарынан айрылғанымен виртуалды байланыстарға сүйенеді және кінәсіз адамдарға шабуыл жасайтын қаңғыбас иттерді шабыттандыруды жалғастырады», - деді М. Митчелл.
Дереккөз: ratel.kz