Атырау, 13 желтоқсан 19:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Германияда Еуропаның құрама штатын құру ұсынылды

1 726 рет қаралды

Германияда Еуропаның құрама штатын құру ұсынылды, деп жазады «Известия» басылымы.

«Германияның Социал-демократиялық партиясының (СДПГ) басшысы, канцлер қызметіне экс-үміткер  Мартин Шульц 2025 жылға қарай Еуропаның құрама штатын құруды ұсынды», - делінген жұмадағы хабарламада. 
Оның пайымынша, ГФР, Австрия, Финляндия, Франция мен Нидерландыдағы ұлтшылдарға тойтарыс бере алатын  тереңірек интеграция қажет. 
«Федералды еуропаны құратын Еуропалық конституциялық келісім керек», - деп саясаткердің сөзін келтірді Euobserver интернет басылымы. 
М. Шульц  атап өткендей, Еуроодақтың мүше-елдеріне ратификациялау үшін конституциялық келісім ұсынуды жоспарлауда. Оның пайымынша бұл келісімді қолдаудан бас тартқан мемлекеттер бірлестіктен шығуы керек болады.

Дереккөз: kaztag.kz

8 желтоқсан 2017, 13:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.