Атырау, 29 қараша 03:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Путин Ресейдің алдағы уақытта Сүриядағы миссиясын атап өтті

1 880 просмотра

Фото: Большой Ближний Восток

Ресей президенті Владимир Путин осыдан бір күн бұрынғы сөзінде: «Сүриядағы террорлық ұйым «Ислам мемлекеті» толықтай жеңіліс тапты», – деді. РФ президенті сөзінде Ресей қарулы күштерінің бұл жеңістегі рөлі зор екенін де алға тартқан. Бұл туралы «Шинхуаның» ресми сайты мәлімдеді. 

Владимир Путин сөзінде: «Евфраттың екі жағалауындағы соғыстың бәрі «Ислам Мемлекеті» террорлық тобының жеңілісімен аяқталды. Әрине, кездейсоқ кедергілердің болуы мүмкін. Бірақ, Сүрия аумағында операциялық миссия аяқталды», – деді. РФ Қарулы Күштері штабының бастығы Валерий Герасимов президент Путиннің сөзін растап, Сүриядағы «ИМ» күштерінің соңғы бекінісі 6 желтоқсанда тазартылғанын мәлімдеді. Дейр-Әззордағы соңғы бекіністің талқандалуымен сол елдегі «ИМ» күштері барлық филиалдары жойылғанын айтты. Путин сөзінде: «Біздің келесі қадам – Сүриядағы қанды қақтығыстарды тоқтатуға көмектесу, саяси реттеу процесін ынталандыру. Бірақ, бұл қызмет ауқымды әрі ұзаққа созылуы мүмкін»,– деді. 

Айта кетелік, 2016 жылдың бас шенінен тартып, БҰҰ-ның басшылығымен Сүрия үкіметі мен оппозиция күштері Женевада 7 дүркін кездесу өткізді. Кездесулерде жетістіктер де болды, дағдарыстар да болды. Келіссөздердің жаңа кезеңі 28 қарашада басталған еді. Бастапқыда  Сириядағы негізгі оппозициялық топтардың ортақ делегациясын қалыптастыру үшін күштерін біріктірген еді, бірақ қазірге дейін ешқандай оңды нәтиже байқалмады. 

Дереккөз: qazaqtimes.com


8 желтоқсан 2017, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.