Португалия ұлттық құрамасы мен мадридтік «Реалдың» үздік сұрмергені Криштиану Роналду 2017 жылғы "Алтын доптың" иегері атанды. Футболшы бұл марапатты бесінші рет иеленіп, Лионель Мессимен теңесті,- деп хабарлады Vesti.kz.
Жылдың үздік футболшысын марапаттау рәсімі Париждегі Эйфель мұнарасында өтті. Алтын доп иегерін "France Football" басылымы анықтады.
- Мен өте қуаныштымын. Көптен күткен қуанышты сәт. Мен үшін осы жыл керемет өтті. Реалмен бірге Испания чемпионаты мен Чемпиондар лигасын жеңіп алдым. Ал жекелей көрсеткіш бойынша Чемпиондар лигасының үзідк сұрмергені атандым. Реал мен Португалия құрамасындағы командаластарыма алғысымды білдіремін. Бұл марапат – мен үшін аса маңызды, - деді футболшы.
Роналду осыған дейін "Алтын допты" 2008, 2013, 2014, 2016 жылдары иеленді. Ал Лионель Месси (2009, 2010, 2011, 2012, 2015) бес рет жеңіп алған жалғыз ойыншы болып келген еді.
Айта кетейік, "France Football" журналы өткен жылы Халықаралық футбол қауымдастықтары одағымен (ФИФА) келісімін үзген еді. Нәтижесінде былтырдан бастап үздік ойыншыны анықтау жаңа жүйеде өте бастады. Жаңа жүйе болғанда, бұрынғы француз басылымының ережесі бойынша анықталады. Яғни, "Алтын доп" иегерін анықтауға тек тілшілер ғана қатысатын болады. ФИФА бұл марапатты табыстаған тұста тілшілермен қатар, ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы мен капитандары да дауыс беруге қатысқан болатын.
Дереккөз: Vesti.kz