Қазіргі Америка лидерінің саясатын аталған ел азаматтарының тек 32%-ы қолдап отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі tass.ru басылымына сілтеме жасап.
20 қаңтардағы инаугурациясынан бері АҚШ президенті Дональд Трамптың танымалдылық рейтингі 32%-ға дейін түсіп қалды. Бұл туралы Вашингтондағы Pew Research Center жүргізген әлеуметтік сауалнамадан кейін белгілі болды.
Зерттеу орталығының сайтында аталған сауалнаманың нәтижесі жарияланып, АҚШ азаматтарының 63%-ы оның әрекеттеріне қарсы екені анықталды.
Естеріңізге сала кетсек, Дональд Трамптың алдындағы президент Барак Обаманың рейтингі 38%-дан түскен емес. Pew Research Center 29 қараша мен 4 желтоқсан аралығында 1,5 мың америкалық арасында сауалнама жүргізген.
Осы уақытқа дейін Дональд Трамптың Иерусалимді Израиль астанасы деп танығаны және оның шешімін көптеген әлем лидерінің қалай қабылдағаны туралы жазған болатынбыз.
Дереккөз: baq.kz