Термометр бағаны бар болғаны -1 белгісіне түскеніне қарамастан, облыс орталығында қыс белгілері білініп қалған. Екі күн қатарынан соққан аязды жел енді қыс келгенін сездірді.
Жайыққа біртіндеп мұз қата бастады. Мойынсұнғысы келмеген толқындар мұз жиегіне соғылады. Алайда табиғат заңы бағындырмай қоймайды, кешікпей өзен де тыншып, көктемге дейін мұз құрсауында болады.
Алдағы аптада, өкінішке орай, күн шуақты болмайды. Есесіне күн жылы, жел болмайды деп күтілуде.
Анастасия АЛЮШИНА
Суретті және бейнежазбаны түсірген Марат ТАКУЛИН