Сирия «Ирак және Левант лаңкестік тобының» содырларынан толық азат етілді. Бұл туралы Ресей Қарулы күштері бас штабының басшысы генерал Валерий Герасимов мәлімдеді.
Оның айтуынша, жасақтар Дейр-эз-Зор провинциясында шоғырланған лаңкестерді талқандаған. Салихия, Эль-Хрейта, Эль-Катья мен Мусалаха елді мекендерін азат еткен соң үкімет әскерлерімен күш біріктірген. Бас штаб басшысы лаңкестердің күйреуіне күрд жасағының соққысы сеп болды дейді. Айта кету керек, Ресей лаңкестікке қарсы операцияға Сирия үкіметінің өтінішімен 2015 жылы кіріскен болатын.
Дереккөз: 24.kz