Атырау, 29 қараша 03:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​КХДР Корей түбегінде соғыс басталатынын мәлімдеді

3 233 просмотра


АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери жаттығулары, сондай-ақ америкалық шенеуніктердің мәлімдемелері Құрама Штаттардың ҚХДР-ге соққы жасайтынын көрсетіп отыр, - деп хабарлайды Кореяның орталық телеграф агенттігі солтүстік кореялық СІМ-ге сілтеме жасап.  

Дипломаттар "ҚХДР-ге қарсы бағытталған америкалық саясаткерлердің мәлімдемелері мен жаттығулары алаңдатып отырғанын" атап өтті.  Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігі мұның бәрі ҚХДР-дің соғысқа дайындалу керектігін білдіріп отырғанын мәлімдеді.  АҚШ пен Оңтүстік Корея әскерінің біріккен жаттығулары 4 желтоқсанда басталып, 8 желтоқсанда аяқталады. БАҚ мәліметі бойынша, бұл ең көлемді жаттығу шаралары болмақ. Әскери жаттығулар Солтүстік Кореяның қарашаның соңындағы зымыран сынақтарына байланысты өткізіліп отыр.  Мұның алдында Ресей мен Қытай Солтүстік Кореяға ядролық қару мен зымырандарды сынауға мораторий жариялауды, ал АҚШ пен Оңтүстік Кореяға - әскери жаттығуларды өткізуді шегеруін ұсынған. Бұл аймақтағы жағдайды тұрақтандыру үшін жасалуы тиіс шара еді, алайда, Вашингтон бұл ұсынысқа құлақ аспады.

Дереккөз: tengrinews.kz

7 желтоқсан 2017, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.