Атырау, 29 қараша 03:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

VISA Түркіменстан банктеріне қызмет көрсетуді тоқтатты

1 738 просмотра


Халықаралық VISA төлем жүйесі Түркіменстан банктеріне қызмет көрсетуді тоқтатты. Оған түркімен банктерінің VISA компаниясына қарызы және Түркіменстан билігінің төлем картасын қолдануға негізсіз шектеу қоюы себеп болған.

VISA төлем картасын негізінен шетелге шығатын және балалары өзге елде оқитын түркіменстандықтар қолданады.

Түркіменстанда VISA төлем картасына үнемі шектеу қойылып келеді. Өткен айдың басында ғана билік картадан күніне тек 50 доллар алуға ғана рұқсат берген.

Азаттықтың Түркімен редакциясына Түркіменстан министрлер кабинетіндегі дереккөздің айтуына қарағанда, VISA халықаралық төлем жүйесі кез келген түркімен банктеріне қызмет көрсетуден бас тартқан.

"Түркімен банктерінің қарызы ондаған миллион долларға жеткен. VISA әрине нарықты жоғалтқысы келмейді. Бірақ түркімен банктеріне қызмет көрсету өте қымбатқа түсіп отыр. Олар қазір әртүрлі халықаралық қаржы құрылымдары арқылы әрекет етуге тырысып жатыр. Бірақ түркімен билігі қиын экономикалық жағдайда шарасыз" дейді дереккөз.

VISA төлем жүйесі Түркіменстанда алғашқы операциясын 1994 жылы бастаған. Ол кезде VISA картасын шетелдіктер ғана қолдана алатын. 1998 жылдан бастап Түркіменстанның Внешэкономбанкі мұндай картаны жергілікті азаматтарға да бере бастаған.

Дереккөз: azattyq.org

6 желтоқсан 2017, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.