Атырау, 3 ақпан 08:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59

Даладағы қуғын

3 074 рет қаралды

2 желтоқсанда Нұрсая ықшамауданының 32 жастағы тұрғыны полицияға №49 үйдің жанында тұрған «Лада Приора» көлігін ұрлап айдап кеткені туралы хабарлаған. Бірнеше сағаттан кейін «Бекет-79» полицей экипажы Махамбет ауданының Ақтоғай ауылынан 15 шақырым жерде ауыл арасындағы жолмен жүйткіп бара жатқан көлікті анықтайды.

Оларды ұстау үшін Индер ауданынан тағы бір полицей көлігі шығады. «Приораны» жан-жақтан қоршауға алған, бірақ жүргізуші тек полицейлердің бірі ауаға оқ атқаннан кейін ғана тоқтаған. Салон ішінде 16-17 жастағы үш жасөспірім болған: екеуі Атыраудан, біреуі – Махамбет ауданының тумасы. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 желтоқсан 2017, 20:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.